Тарифтер
ҚЫЗМЕТІ
Палата қызметтері:
Палата өз қызметін 2012 жылдың 20 наурыз айынан бастап жүзеге асырып келеді. Палатаның негізгі қызметі қазақ ақбас асыл тұқымын селекциялық - асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестіруге бағытталған.

1) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымды өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) арқылы асыл тұқымды мал басын есепке алуды ұйымдастырады;

2) уәкілетті орган бекіткен асыл тұқымды малдың, оның ішінде асыл тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтайды;

3) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымдық өнімге (материалға) асыл тұқымдық куәліктерді беруді (жоюды) жүзеге асырады;
4) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тануды жүзеге асырады;

5) облыстардың , республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына бюджет қаражаты шеңберінде асыл тұқымдық өнімге (материалға) субсидиялар бөлу жөнінде ұсыныс тастайды;

6) асыл тұқымдық кітаптарды таза тұқымды жануарлардан басып шығарады;

7) бонитерлеу (бағалау ) туралы деректердің мониторингін жүзеге асырып, оның нәтижелерімен мүдделі түлғаларды хабардар етеді;

8) алқалы органның келісімімен тұқым стандартын бекітеді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Палата туралы
Республикалық Палата мүшелігіне қарамастан Асыл тұқымдық өнімге (материалға) мәртебе беруді және асыл тұқымдық куәлік беруді жеке және (немесе) заңды түлғаның өтініші негізінде Республикалық Палата жүзеге асырады.

Палата мүшелерінің селекционерлер/зауытшылар саны – 357, оны ішіне ауыл шаруашылық құрылымдар мен фермерлік шаруашылықтар кіреді;

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қазақтың ақбас тұқымды мал басы 420 мың бас, оның ішінде 144 мың бас сиыр болды.

Қазақ ақбас тұқымының республикалық Палатасында 2021 жылғы 1 қаңтардағыжағдай 300 мың бас асыл тұқымды мал , оның ішінде Палата мүшелерінде 129 мың бас тіркелген.

Республикалық Палатаның құрылымы: селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізуге және үйлестіруге бірлесіп жауап беретін алқалы органнан , республикалық Палатаның Кеңесінен және атқарушы органнан тұрады.

Алқалы орган – республикалық палата мүшелерінің жиналысы , жоғары басқару органы болып табылады.

Алқалы орган республикалық Палатаны дамытудың стратегиялық бағыттарын анықтап сол бойынша шешім қабылдайды.

Алқалы орган республикалық Палата жарғысына сәйкес респуликалық Палата Кеңесін сайлайды.

Респубикалық Палатаның Кеңесі Қазақстан Республикасының заңдарында және республикалық Палатаның жарғысында белгіленге құзыретке сәйкес республикалық Палатаның қызметіне жалпы басшылықты және басқаруды жүргізеді.

Республикалық Палата Кеңесіне республикалық Палатаның мүшелері мен ғылыми-бейінді ұйымдардың өкілдері кіреді.

Республикалық Палата Кеңесі мүшелерінің арасынан Республикалық Палата Кеңесінің төрағасы сайланады және оны алқалы орган бекітеді.

Республикалық Палата Кеңесі:

Республикалық Палата Кеңесі:

1. атқарушы органның жұмыс регламентін анықтайды және қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;

2. республикалық Палатаның бюджетін бекітеді;


3. алқалы органға тарифтік саясатқа өзгерістер енгізуді ұсынады;

4. алқалы органға атқарушы директордың кандидатурасын бекітуге ұсынады;

5. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Made on
Tilda